Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру жөнінде берген тапсырмасын орындау аясында Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан салада 2028 жылға дейін қол жеткізуі тиіс көрсеткіштерді айқындады. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланған.

"Қазіргі уақытта мемлекетке деген қоғамдық сенім, оның өзгерістерге дайындығы мәселесі ерекше маңызды болып отыр. Неғұрлым тиімді мемлекеттік басқаруға, азаматтардың басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуына деген сұраныс тұрақты түрде қалыптасуда" делінген құжат жобасында.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: "Кабинетін жылдар бойы босатпайтын" шенеуніктермен оңай қоштасу керек


Бұл мәселе Үкіметтің құзыреттерін министрліктерге беру арқылы министрлердің жауапкершілігін арттыру арқылы шешілмек. Бұл орайда алдағы 6 жылда келесі нәтижелерге қол жеткізу жоспарланған:

  • 2024 жыл. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер орталықсыздандырылады.
  • 2025 жыл. Премьер-министр кеңсесі Мемлекеттік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін Үкіметтің ықшам аппаратына трансформацияланады. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кеңейтіледі.
  • 2026 жыл. Азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылы жақсарады.
  • 2027 жыл. Клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппарат қалыптасады.
  • 2028 жыл. Мемлекеттік басқаруды одан әрі дамыту пайымы қалыптасады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қойды


Еске салайық президент Қазақстан халқына Жолдауында саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керектігін айтқан болатын.

"Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа "ұжымдасқан кабинет" емес, нақты бір министр жауапты болуға тиіс" деді мемлекет басшысы.