Ал 2027 жылға дейін республикада ашық мемлекеттік аппарат қалыптасуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру жөнінде берген тапсырмасын орындау аясында Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан салада 2028 жылға дейін қол жеткізуі тиіс көрсеткіштерді айқындады. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланған.
"Қазіргі уақытта мемлекетке деген қоғамдық сенім, оның өзгерістерге дайындығы мәселесі ерекше маңызды болып отыр. Неғұрлым тиімді мемлекеттік басқаруға, азаматтардың басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуына деген сұраныс тұрақты түрде қалыптасуда" делінген құжат жобасында.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: "Кабинетін жылдар бойы босатпайтын" шенеуніктермен оңай қоштасу керек
Бұл мәселе Үкіметтің құзыреттерін министрліктерге беру арқылы министрлердің жауапкершілігін арттыру арқылы шешілмек. Бұл орайда алдағы 6 жылда келесі нәтижелерге қол жеткізу жоспарланған:
- 2024 жыл. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер орталықсыздандырылады.
- 2025 жыл. Премьер-министр кеңсесі Мемлекеттік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін Үкіметтің ықшам аппаратына трансформацияланады. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кеңейтіледі.
- 2026 жыл. Азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылы жақсарады.
- 2027 жыл. Клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппарат қалыптасады.
- 2028 жыл. Мемлекеттік басқаруды одан әрі дамыту пайымы қалыптасады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қойды
Еске салайық президент Қазақстан халқына Жолдауында саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керектігін айтқан болатын.
"Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа "ұжымдасқан кабинет" емес, нақты бір министр жауапты болуға тиіс" деді мемлекет басшысы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
296
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
277
-
0
-
0
-