Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы туристік аймақтардың картасын жаңартуды жоспарлап отыр.

Оның аясында Алматы облысындағы Қапшағай көлі мен Қонаев қаласы, Шығыс Қазақстан облысындағы "Қатон-Қарағай", Жетісу облысындағы "Жоңғар Алатауы", Алматы облысындағы "Тарбағатай" және Ұлытау облысындағы "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері республикалық деңгейдегі туристік аймақар қатарына енеді.

Сондай-ақ, өңірлік деңгейдегі туристік аймақтар қатары да күрт артады. Жаңа туристік орындардың басым бөлігі Түркістан облысында орналасқан. Олардың қатарында Үкаша ата кесенесі мен құдығы, Домалақ ана, Бәйдібек ата, Баба түкті Шашты Әзіз, Ысқақ баб кесенелері бар.

Еске салайық, Қазақстандағы туристік аймақтардың картасы 2021 жылы бекітілген болатын.


Оқи отырыңыз:


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 4 тамызға дейін.