"Қабырға мен еденде жыбырлап жүреді". Жамбыл облысындағы ауылды біте мен бүрге қаптады
Тұрғындар зиянкестерді түрлі тәсілмен дәрілеп көрген.Жамбыл облысындағы ауылды біте мен бүрге қаптаған. Жәндіктерден бүкіл ауыл зардап шегіп отыр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Біте мен бүрге азық-түлік арасы, көрпе-жастық, дүние-мүлік, қабырға мен еденді қаптаған. Тұрғындардың айтуынша, зиянкестерді түрлі тәсілмен дәрілеп көрген. Алайда, ауыл ішіндегі диірменді алысқа көшірмей пайдасы болмай тұр.
Тарақан тектес жәндік ас үйден бастап, жатын бөлмелеріне дейін жайлап алған. Тіпті көшеде де ұшып жүретіндіктен, балалары үшін қорқады.
"Таңертең ғана сүртіп тазаладық. Балаға тамақ беріп отырсақ, осылай жәндіктер жүреді. Ұшып келе береді, не сұмдық? Баланы қалай далаға алып шығасың? Жәндіктер үйдегі төбеде ұшып та, жыбырлап та жүреді. Үстімізге төбеден құлайды", – деді видеодағы тұрғындар.
Оқи отырыңыз: "Берген ақша, алған пәтер жоқ". Жамбыл облысында "Сенім Недвижимость" салымшылары бас көтерді
Ауыл әкімі бүргені болдырмаудың амалын жасап жатқанын айтты.
"Халықтың өзі оларға бір ай уақыт берді. Бұл мәселе бір айдан кейін шешілмесе, онда халықтың талабы қойманы ауыл сыртына шығару" – деді Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаров.