Павлодарда зираттарға QR-код қойылады
Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде қала аумағындағы зираттарды цифрландыру мәселесі бойынша семинар өткізілді.Облыстық дін істер басқармасының мәліметінше, бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету орталығының қызметтерін жетілдіру барысында жасалынған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Аталған пилоттық жобаны іске асыру үшін мешіттер "Уақып" ҚҚ және "ҚазАэроСпейс" ЖШС-мен меморандумға қол қойған.
"Оның негізгі мақсаты – ел аумағындағы зираттарды цифрландыру, жерлеу қызметін заманға сай электронды тұрғыда халыққа ұсыну", – деді басқармада.
2024 жылдың 16 мамыры мен 30 шілдесі аралығында Павлодар қаласындағы 19 зиратты цифрандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Оқи отырыңыз: "Сыртымыздан қол қойып жіберген". Түркістан облысында халық жерін қайтаруды сұрады
Мобилді қосымшаға марқұмдардың аты-жөндері мен басқа да мәліметтер енгізіледі. Зираттардың орындары картада көрсетіледі және қосымшаны әлемнің кез келген нүктесінен қолдануға болады.