Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, пәтер жалдау құнына өтемақы алуға құжаттар 5 сәуірден бастап қабылданады. 

Министрлік цифрлық платформаны бүгін пилоттық негізде іске қосуды жоспарлап отыр. Платформада өтініш беру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Ол өз кезегінде өтініш иесінің талапқа сай келетінін автоматты түрде тексереді. 

Жана механизм 2021 жылдан бастап баспанаға мұқтаждарға жалға алу ақысының жартысын мемлекет есебінен төлеу мақсатында әзірленді. Тұрғын үйді жеке құрылыс компаниялары ұсынады, ал әкімдік оларға жер учаскесін бөліп, инженерлік желілер тартып береді. Құрылыс компаниясы пәтерлердің жартысын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына жалға алуға беруге міндетті. 


Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау немесе ипотекаға баспана алу: қайсысы тиімді?


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Қазақстан азаматығы;
  • соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 36 018 теңгеден төмен болуы. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есепке алынбайды.

Әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрғандар:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа", бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Оқи отырыңыз: Пәтерді жалдау ақысының жартысын мемлекет төлейді. Бұл жеңілдік кімдерге арналған?