Құжат өткізу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.
Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, пәтер жалдау құнына өтемақы алуға құжаттар 5 сәуірден бастап қабылданады.
Министрлік цифрлық платформаны бүгін пилоттық негізде іске қосуды жоспарлап отыр. Платформада өтініш беру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Ол өз кезегінде өтініш иесінің талапқа сай келетінін автоматты түрде тексереді.
Жана механизм 2021 жылдан бастап баспанаға мұқтаждарға жалға алу ақысының жартысын мемлекет есебінен төлеу мақсатында әзірленді. Тұрғын үйді жеке құрылыс компаниялары ұсынады, ал әкімдік оларға жер учаскесін бөліп, инженерлік желілер тартып береді. Құрылыс компаниясы пәтерлердің жартысын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына жалға алуға беруге міндетті.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау немесе ипотекаға баспана алу: қайсысы тиімді?
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан азаматығы;
- соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 36 018 теңгеден төмен болуы. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есепке алынбайды.
Әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрғандар:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа", бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Оқи отырыңыз: Пәтерді жалдау ақысының жартысын мемлекет төлейді. Бұл жеңілдік кімдерге арналған?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
315
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
289
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
272
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
262
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
266
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
256
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
254
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
246
-
0
-
2
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
240
-
0
-
2
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
244
-
0
-
0
-