Көпұлтты мемлекеттер әртүрлі дін өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тұра алатынын көрсетуі керек, деді Өзбекстандағы католик шіреуінің епископы Ежи Мацулевич.

"Бүгін Қазақстан президентінің, Рим папасының, еврей, мұсылман қауымдастығыны өкілдерінің бәрі дін көшбасшылары бейбітшілік үшін жұмыс істеу керек екенін айтып жатыр. Қазір әртүрлі діни топтардың арасында қандай да бір қарсылық болса, бұл жақсы жаңалық емес, әрине. Егер біреу басқасы туралы бір нәрсені дұрыс айтпаса, біз сол үшін жұмыс істеуіміз керек. Әртүрлі діннің өкілі болсақ та, бауыр екенімізді оларға сезіндіруіміз үшін", – деді Ежи Мацулевич.


Оқи отырыңыз:


Епископ үш жыл бұрын мұсылмандар мен христиандар бауырмалдық туралы декларацияға қол қойғанын еске салды. Бұл жұмыстарды жалғастыра беруге шақырды.

"Әлемнің еш нүктесінде соғыс болмауы үшін, бейкүнә адамдар зардап шекпеуі үшін бұл жұмыстарды жалғастыра беру керек. Бір қарапайым кісі "Соғыс туралы шешімді жоғарыдағылар қабылдайды, бірақ қарапайым адамдар зардап шегеді" дегенді айтып еді. Сондықтан барлық дін көшбасшылары әлемдегі бейбітшілік үшін дұға жасауымыз керек. Біз әртүрлі дін өкілі болғанымызға қарамастан, бауыр екенімізді көрсетуіміз керек. Өзбекстан да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет. Әртүрлі дін өкілдері де көп. Береке-бірлігімізді көрсетіп, жалғастыра беруіміз керек", – деді Ежи Мацулевич.