БҰҰ бас хатшысы қазір әлемге бұрынғыдан да мықты рух қажет екенін айтты.
"Діни қайраткерлері ар-ождан дауысы мен рухани беделін өзара құрмет, жанашырлық пен бірлікті күшейту үшін пайдаланады деп сенеміз. Келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін, әртүрлілікті байлық ретінде қарастыру үшін бір-бірімен және болашақ ұрпақпен ниеттес болу үшін осы қиын-қыстау кезеңдерде бізге бұрынғыдан да мықты рух қажет", – деді ол.
Сонымен қатар Антониу Гутерриш әлем соғыс пен қақтығыстарға, төтенше гуманитарлық жағдайларға және экологиялық дағдарыстарға аштық пен кедейлікке толы екенін атап өтті. Діни айырмашылықтарға негізделген жеккөрушілік сөздер мен кемсітушілік таралып жатқанын алға тартты. Сол себепті діни лидерлерден өз қауымдастығындағы зорлық-зомбылықты қолдамауды және ксенофобияны, нәсілшілдікті және толеранттылықты бұзудың барлық түрін қабылдамауды сұрады.
"Біз өз заманымыздың сынақтарына төтеп бере аламыз және бір отбасы ретінде бірігіп, ауыртпалықты бөлісіп, мәселелерді шешіп, мүмкіндіктерді қолдана отырып, барлығына жайлы әлем құра аламыз. Мен сіздердің БҰҰ жұмысы мен ортақ құндылықтарын алға ілгерілетуге қосқан үлестеріңіз бен терең көзқарастарыңызды бағалаймын", – деді ол.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Қайшылықтарды күшпен, қорқытумен немесе санкциялармен реттеу мүмкін емес
- Рим папасы: Абай айтқандай, бізге жанды рухпен ұштастыру қажет