Отбасын құрмаған азаматтар мен қыз-келіншектер күйзеліске жиі ұшырайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Арнайы зерттеу жүргізген Қытай мен АҚШ-тың ғалымдары осындай тұжырымға келген екен.

Олар ғылыми мақаланы Натуре Хуман журналына жариялады. Америкалық және қытайлық демографтар мен медицина мамандары жеті мемлекеттің 100 мың тұрғынның жағдайын бақылаған екен.

Қорытындысында бала-шағасы жоқ бойдақ қыз-жігіттер отбасылы адамдармен салыстырғанда 80 пайызға күйзелісте жүретіні анықталған.

Ал үйленген немесе тұрмыс құрған жандардың психикалық жағдайы жақсырақ болады. Тек ажырасқанда және ерлі-зайыптының біреуі көз жұмғанда ғана адамдар стресске ұшырайды.