Отбасын құрмаған адамдар күйзеліске жиі ұшырайды – зерттеу қорытындысы

Ал үйленген немесе тұрмыс құрған жандардың психикалық жағдайы жақсырақ болады.

Отбасын құрмаған азаматтар мен қыз-келіншектер күйзеліске жиі ұшырайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Арнайы зерттеу жүргізген Қытай мен АҚШ-тың ғалымдары осындай тұжырымға келген екен.

Олар ғылыми мақаланы Натуре Хуман журналына жариялады. Америкалық және қытайлық демографтар мен медицина мамандары жеті мемлекеттің 100 мың тұрғынның жағдайын бақылаған екен.

Қорытындысында бала-шағасы жоқ бойдақ қыз-жігіттер отбасылы адамдармен салыстырғанда 80 пайызға күйзелісте жүретіні анықталған.

Ал үйленген немесе тұрмыс құрған жандардың психикалық жағдайы жақсырақ болады. Тек ажырасқанда және ерлі-зайыптының біреуі көз жұмғанда ғана адамдар стресске ұшырайды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз