Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Самарқан – Алматы бағытындағы рейстерге акция жариялады

Арнайы ұсыныс бойынша билеттерді 11 наурыз күні сағат 13:00-ден бастап 17 наурыз сағат 23:59-ға дейін сатып алған жағдайда Алматы – Самарқан бағытындағы билет құны 31 030 теңгеден, ал Самарқан – Алматы бағытында 33 436 теңгеден басталады.

Бұл билеттер 17 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы сапарға жарамды. Алайда, науқан 21-24 наурыз аралығындағы мерекелік күндерге қолданылмайтынын ескеру қажет. 

"FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне борттағы кездейсоқ орын және салмағы 7 кг-ға дейін, өлшемдері 56×23×36 см болатын бір дана қолжүк кіреді", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін компания Алматы – Самарқан бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта іске қосатынын хабарлаған болатын. Көктемгі маусымда компания рейстерді 21 наурыз бен 30 мамыр аралығында, ал күзгі маусымда 1 қыркүйектен 24 қазанға дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.