USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Алматы мен Cамарқан арасындағы тікелей әуе рейстері қайта ашылады. Билет құны қанша

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan
Көктемгі маусымда рейстер 21 наурыз бен 30 мамыр аралығында, ал күзгі маусымда 1 қыркүйектен 24 қазанға дейін жасалады.

Отандық FlyArystan лоукостері  Алматы – Самарқан бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Көктемгі маусымда компания рейстерді 21 наурыз бен 30 мамыр аралығында, ал күзгі маусымда 1 қыркүйектен 24 қазанға дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Бір бағыттағы әуе билеттерінің құны 34 мың теңгеден басталады.

"2026 жылы FlyArystan халықаралық маршруттық желіні кеңейтуді жалғастыра отырып, қолжетімді әуе тасымалдары мен тұрақты операциялық қызметке басымдық береді. Алматы – Самарқан бағыты бойынша рейстердің қайта ашылуы жолаушылардың Өзбекстанға сапарларға деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді және Орталық Азияда тікелей әуе қатынасын дамыту стратегиямызға толық сай келеді", – деді "FlyArystan" АҚ президенті: Ричард Леджер. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз