Орман өртін сөндіретін станция жұмыскерлерінің мәртебесі мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерімен теңестірілмек. Құжат 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрықта. 

"Түзету табиғат қорғау мекемелері өртке қарсы қызметінің қызметкерлерін мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлеріне теңестіру және оларды жағдайларын және еңбекақы мөлшерін жақсарту үшін штаттан тыс жұмысшылар санатынан шығарып, штатқа алу. Бұл шара аталған қызметкерлердің табиғат қорғау мекемелерінің штатына кірмейтіндігіне байланысты талап етіледі", – делінген экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасында.


Оқи отырыңыз: Елде жүздеген мың гектар орман жері ешкімнің атына бекітіп берілмеген


Яғни келесі санаттағы жұмыскерлер мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне теңестiрiледi:

  • орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының жүйесiне енетiн, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерi;
  • мемлекеттік орман иеленушілерінің орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері.

Мұнымен қатар құжатта аталған қызметкерлердің денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты орман өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарға тұрақты негізде тартылатыны туралы жазылған. 

Еске салсақ, эколог маман орман өртін сөндірушілердің жалақысы тым аз екенін айтқан болатын. Мұнымен қатар, орман саласына тиісті деңгейде қаржы бөлінбейтінін атап өтті.