Орал қаласындағы аутизм орталығы жылына 600-ден астам баланы қабылдай алады
Бүгін Орал қаласында аутистикалық спектрі бұзылған балаларға қолдау көрсетуге арналған "Асыл Мирас" аутизм орталығы Самал көшесі, 102 жаңа мекенжайы бойынша ашылды. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ауданы 675 шаршы метрді құрайтын ғимарат бөлінді. Жаңа орталықта жылына 600-ден астам бала интервенциялық бағдарламалармен қамтылады.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жаңа орталықтың жабдықталуымен танысып, ұстаздармен және ата-аналармен әңгімелесті. Ол мұндай орталықтың өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанда аутизмі бар балаларға тиімді қолдау көрсету жүйесін құрудағы күш-жігерін жоғары бағалады.
10 жылдан астам уақыт бойы мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасап келе жатқан "Бәйтерек" БҚО ҚҚ" серіктестікте Орал қаласындағы алғашқы "Асыл Мирас" аутизм орталығы 2018 жылы ашылды. 4 жыл ішінде "Бәйтерек" мамандары аутизмді түзетудің заманауи тиімді әдістерін үйреніп, отбасыларға көмектесу үшін алған білімдерін белсенді түрде енгізді. Диагностика сапасы жақсарып, ерте жаста аутизмді анықтау артқан сайын аутизм орталығының қызметін кеңейту қажеттілігі туындады.
"Біз Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне жаңа заманауи орталық құруға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Өз тарапымыздан біз балалар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасының сақталуына кепілдік береміз. Біз мамандарды іріктеуге мұқият көңіл бөлдік. Орталықтың барлық мамандары ғылыми дәлелденген "Асыл Мирастың" жұмыс әдістемелері бойынша оқытылды. Әдістемелердің тиімділігі Қазақстандағы біздің аутизм орталықтары желісіндегі көп жылдық тәжірибемен расталады", – деді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
"Аутизм. Баршамызға бір әлем" бағдарламасын Болат Өтемұратов Қоры 2015 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде 10 орталық ашылып, онда 11 мыңнан астам бала толықтай тегін білікті көмек алды. Қор қазақстандық балалардың әлемдік озық тәжірибеге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Атлантадағы Marcus Autism Center және Калифорния университетіндегі Kasari Lab сияқты АСБ бойынша халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: