Тікелей эфир

Болат Өтемұратов "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 10 млрд теңге аударды

Қаражат азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы проблемаларын шешуге бағытталады.

Болат Өтемұратов "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 10 млрд теңге аударды. Қор президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда ҚР Парламентінде сөйлеген сөзінде берілген тапсырмасы бойынша 15 қаңтарда құрылды.  

Қор қаражаты азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы проблемаларын шешуге бағытталады. Қор төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетеді деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, қор балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж жандар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және дамыту бойынша жобаларға қатысады. Қор қызметінің тағы бір басым бағыты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан деп танылған құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау болып табылады.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары