Жамбыл облысы аумағындағы әскери бөлімдердің бірінде ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын өлтіріп алған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті хабарлады.

Нronika.kz мәліметінше, оқиға 15 наурыз күні шамамен сағат 19:30 шамасында №21742 әскери бөлімінде болған.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қарауыл бастығы Гвардейский кентіндегі әскери госпитальге жеткізілген. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ол сол жерде көз жұмған.

"Жамбыл облысындағы әскери күзеттің азаматтық қызметкерінің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын кешенді шаралар анықтайды", – деп хабарлады тергеу департаменті.