Ақтауда әскери қызметкер оқ жарақатынан қаза болды: тергеу басталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазіргі уақытта қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Ақтауда әскери қызметкердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ресми мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болған. Аталған дерек бойынша әскери-тергеу органдары қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілі, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаментінің бастығы барған. Қазіргі уақытта қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалған. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынған", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Қарулы күштер құрлық әскерлерінің мәліметінше, Құрлық әскерлері "Батыс" өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатынан қайтыс болды. Оқиға бүгін полигонда жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде болған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз