Наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижелері белгілі болды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш түсіп, олардың жартысынан көбі ҰБТ тапсырған. Үміткерлердің:  

  • 74,2%-ы қазақ тілінде,
  • 25,6%-ы орыс тілінде,
  • 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің 65 пайызы шекті балл жинаса, орташа көрсеткіш 65 балды құраған. Ал ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.


Оқи отырыңыз: 


Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер:

  • "Математика-Физика" (25%),
  • "Химия-Биология" (17%).

Ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика" (0,13%).

63 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылса, 135 адамның тест қорытындысы тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін жойылған. Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болды.