Мектеп түлектері биыл 20-22 маусымда аттестат алады
Ал 11-сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханы 5-19 маусым аралығында өтеді.Биыл Қазақстанда оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында биыл оқу жылының аяқталуы бойынша қай шара қашан өтетінін айтты.
Министрідң айтуынша, Қазақстан мектептерінде 3,7 млн-нан астам оқушы оқиды. Оның ішінде 172 мың түлек 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде "Алтын белгіге" үміткерлердің саны – 6,8 мың оқушы.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.
Ал аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз: Биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы бола ма? Министрлік өкілі жауап берді
Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен 5-19 маусым аралығында болады.
9-сынып түлектерінің емтихандары:
- оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (2 маусым);
- математикадан жазбаша емтихан (6 маусым);
- тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (9 маусым);
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (13 маусым).
11-сынып оқушыларының мектеп бітіру емтихандары:
- оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (5 маусым);
- алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан (8 маусым);
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан (12 маусым);
- тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (15 маусым);
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (19 маусым).