Бұған дейін әлеуметтік желіде биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы болмайтыны туралы ақпарат тараған еді.
Әр мектеп соңғы қоңырау салтанатты шарасын өткізу туралы шешімді дербес қабылдайды, деп мәлімдеді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.
"Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрін қолдайды. Дегенмен министрліктің осыған дейінгі жылдардағы да, қазіргі уақыттағы да нормативтік құжаттарында мұндай іс-шара өткізу көрсетілмегенін жеткіземіз", – деді вице-министр.
Шолпан Каринова министрліктің салтанатты шараны ұйымдастырғысы келетін мектептерге шараны 1 маусым – балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынатынын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы болмайтыны туралы ақпарат тараған еді.
Оқи отырыңыз: Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады
Сонымен қатар вице-министр бітіруші түлектерге аттестат тапсыру бойынша салтанатты шаралар өткізілетінін айтты. Министрлік бұл шараларды 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынады.
"Мектептерде салтанатты шараларды өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, не болмаса аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді жалдау үшін және педагогтар мен мектеп әкімшілігіне сыйлық жасау бойынша қаражат жинауға тыйым салынатынын қатаң түрде жеткіземіз", – деп ескертті Шолпан Каринова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-