Kundelik.kz жобасы қазақстандық мектептерде оқушылар мен олардың ата-аналарының мектеп тамағына қанағаттану дәрежесін анықтауға арналған сауалнама нәтижесін жария етті.

Жауап бергендердің 31 пайызы тағамдардың сапасына қанағаттанбайтынын айтса, 14 пайызы тағамды қымбат деп таныған. 9 пайызы асхананың ыңғайсыз екенін айтып, 23 пайызы тағамдардың біркелкі екенін белгілеп жауап берген.

Баласының мектепте тамақтануына рұқсат бермейтін ата-аналар оның келесі үш себебін көрсеткен:

  • Тамақтың сапасы ұнамайды – 31%,
  • Тағамдардың бағасы көңіл көншітпейді – 15%,
  • Мектепте тамақтанады, бәрі жақсы – 54%. 

Оқи отырыңыз: 


Сауалнамаға барлығы 7 544 адам қатысқан, олардың 47 пайызы – ата-аналар, 48 пайызы – оқушылар және 5 пайызы – мұғалімдер