Дүкен мен асхана өнімінің бағасында 50-70 пайызға дейін айырмашылық бар.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook желісінде кезекті жазбасын мектеп асханаларының мәселелеріне арнады. Оның жазуынша, министрліктің мектеп, колледж және балабақшаны басқару бөлігінде құзыреті жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстардың бәрі заңмен жергілікті әкімдіктерге бекітілген.
Осы орайда министрлік мәселені тек бақылауға ала алатынын ескерткен білім министрі нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін 4 проблеманы атады:
- Осыған дейін асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіттік. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Бұл гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі. Сондай-ақ, балаларда қолма-қол ақшаның болмауы оларды қауіптерден сақтайды. Ата-аналарға да шығындарды бақылау оңайырақ болады. Бірақ, көбінесе қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайды.
- Буфет өнімдерінің құны. Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады. Бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін.
- Кейбір өңірлер асханаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жеке кәсіпкерлерге беріп жүр. Біз мұның дамуын қолдаймыз. Бірақ, кейде ол конкурсты өткізбеу үшін және асхананы кәсіпкерге тікелей (10-15 жылға) беру үшін жасалады.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Дарынды ғана емес, әлеуметтік осал топтағы балаларды да қолдау маңызды
"Біріншіден, біз конкурссыз еке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз. Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады. Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз. Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады", – деді Асхат Аймағамбетов.
- Мектеп асханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тыйым салынған өнімдерді сату (мысалы, фастфуд, газдалған сусындар, чипсы және тағы басқа). Министрліктің қызметкерлері бірнеше облысқа барып, бірқатар мектепте осындай фактілерді анықтады. Әсіресе Түркістан облысында. Мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу СЭС органдарына хабарласу қажет.
"Министрлікте осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылды. Біз заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасадық, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
301
-
0
-
0
-
-
2💵 Атырау облысының білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары
-
307
-
0
-
0
-
-
3🚱 Астанадағы су мәселесі: Алматы ауданы әкімдігі хабарлама таратты
-
258
-
0
-
0
-
-
4🕋💵 Елордалық зейнеткер қажылыққа жинаған 16 млн теңгесін алаяққа беріп қойды
-
267
-
0
-
2
-
-
5🏛🚫 «Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор ақпаратқа жауап берді
-
260
-
0
-
0
-
-
6🥔 Елімізде 200 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймалар салынады
-
274
-
0
-
0
-
-
7🛣 "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды
-
287
-
0
-
4
-
-
8🧱"Қақпадан шыққанда қабірге тап боламыз". Алматы облысында тұрғындар мазарлардың үйге тым жақын орналасқанына наразы
-
283
-
0
-
0
-
-
9🛋 Елде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25% қымбаттады
-
282
-
0
-
1
-
-
10😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
260
-
0
-
2
-