Қызылордада талапқа сай келмейтін мектеп сөмкесі мен формасы анықталды
Ал оқулықтар гигиеналық нормативтер талаптарына сай болып шыққан.Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мектеп формасы мен оқу-құралдары белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерді. Сараптамаға 8 оқулық, 2 оқушы сөмкесі және 5 мектеп формасы іріктеп алынған.
Оқулықтар кітап басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер талаптарына сай. Ал сөмке мен киім үлгілері таңбалану бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес емес: өндіруші туралы ақпарат, дайындалған және жарамдылық мерзімдері бойынша ақпарат жоқ.
Бекітілген нормативтерге сай болмай шыққан барлық өнімдердің төртеуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген, қалған 10-ы – өзге де шет елдер өнімі.
Регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 8 сауда объектісіне Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Отандық өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді.
Оқи отырыңыз: Музейлер мектеп оқушыларына Қазақстан тарихы бойынша дәрістер өткізеді