Қызылордада талапқа сай келмейтін мектеп сөмкесі мен формасы анықталды

Ал оқулықтар гигиеналық нормативтер талаптарына сай болып шыққан.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мектеп формасы мен оқу-құралдары белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерді. Сараптамаға 8 оқулық, 2 оқушы сөмкесі және 5 мектеп формасы іріктеп алынған.

Оқулықтар кітап басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер талаптарына сай. Ал сөмке мен киім үлгілері таңбалану бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес емес: өндіруші туралы ақпарат, дайындалған және жарамдылық мерзімдері бойынша ақпарат жоқ.

Бекітілген нормативтерге сай болмай шыққан барлық өнімдердің төртеуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген, қалған 10-ы – өзге де шет елдер өнімі. 

Регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 8 сауда объектісіне Қазақстан Республикасының  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Отандық өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді.


Оқи отырыңыз: Музейлер мектеп оқушыларына Қазақстан тарихы бойынша дәрістер өткізеді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз