Тікелей эфир

Музейлер мектеп оқушыларына Қазақстан тарихы бойынша дәрістер өткізеді

Сабақ музей залдарында өтеді, ал басқа қалалар үшін онлайн форматта ұйымдастырылады.

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда "Музейдегі оқу күні" атты жаңа мәдени-білім беру жобасы басталғанын хабарлады. Оның аясында 5-9 сынып оқушылары қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша алған теориялық білімін музей қабырғасында бекіте алады. 

Бұл үшін республика музейлері Қазақстан тарихы бойынша мектеп оқушыларына арналған дәрістер өткізеді. Сабақтар музейдің экспозиция залдарында өтеді. Бір дәрістің ұзақтығы 35-45 минутты құрайды. Еліміздің басқа қалаларының оқушылары үшін музей сабақтары жақын арада онлайн форматта қолжетімді болады. Ол үшін музей қызметкерлері видео сабақтар дайындаған.

"Балалар төл тарихымызды музей экспонаттарының көмегімен зерттейтін болады, бұл балалар үшін де, педагогтар үшін де тамаша мүмкіндік. Зерттеуші ғалымдар, ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жетекшілері орта мектептің тарих пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп, геймификация элементтерін қолдана отырып, интерактивті сабақтар өткізеді. Сабақ барысында оқушылар экспонаттармен жақынырақ танысып, артефактілердің көшірмелерін қолда ұстай алады", – деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. 


Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?


 

Серіктестер жаңалықтары