Қазақстанда "Ұлытау" ұлттық паркі құрылды
Парк Қарағанды облысында орналасады, аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда "Ұлытау" ұлттық паркі құрылды. Бұл туралы Экология министрі Cерікқали Брекешев хабарлады.
"Ұлытау" ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды. Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.
"Ұлытау" ұлттық паркі – Қазақстандағы он төртінші мемлекеттік табиғи парк.
Бұған дейін Қазақстанда "Ұлытау" ұлттық паркі және "Мерке” өңірлік табиғи паркі құрылатыны хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз:
- "Алтынемел" ұлттық табиғи саябағында 20 жаңа фототұзақ орнатылды
- Іле Алатауы ұлттық паркінде визит-орталық ашылды