"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Юрий Пя қамқоршылық кеңес төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірген. Бұл туралы Қордың сайтында хабарланды.

Оның себебі – кеңес жұмысының көптігі болды. Дегенмен, Юрий Пя қамқоршылық кеңес құрамында қалады. Ал кеңестің жаңа төрағасы болып қоғам қайраткері, "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов сайланды.

дәрігер медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Зәуреш Аманжолова кеңес төрағасының орынбасары қызметін атқарады.


Оқи отырыңыз: