Қазақстандықтар "Қазақстан халқына" қорынан көмек алуға өтінім бере алады

Өтінім қордың мақсаты мен міндетіне сәйкес келмеген жағдайда кері қайтарылуы мүмкін.

Көмекке мұқтаж Қазақстан тұрғындары мен демеушілер өз өтінішін "Қазақстан халқына" сайтында қалдыра алады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Кез келген адам сайт арқылы жоба туралы жаңалықтарды, қорға келіп түскен және жұмсалған қаражат, іске асырылған жобалар нәтижесі туралы ақпаратпен таныса алады. 

Сайттың "Өтінішті қалай бере аламын" деген бөлімінде қайырымдылық көмек алуға өтінім беру бойынша нұсқаулық жазылған. Адамдарды "Атамекен" ҰКП порталына қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай қабылдау бөлмесіне автоматты түрде бағыттайды. ҰКП порталы электрондық үкіметтің кейбір базасымен біріктірілген. Өтініш білдіргендердің мәртебесі туралы толыққанды ақпарат алу үшін сайтты мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың барлық қолжетімді дерекқорымен біріктіру жоспарланып отыр.


Оқи отырыңыз: 


Өтінімдерді ҮЕҰ өңдейтін болады. Бұл ретте өтінім қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда кері қайтарылуы мүмкін.

"Өтінімдерді қарау үшін қор қызметінің әрбір бағыты бойынша сараптама комитеттері құрылады. Мойындалған сарапшылар сараптамалық комитет мүшесі бола алады", – деді қордағылар.

Қазақстандықтар сараптама комитетінің мүшелерін іріктеу бойынша өз ұсынысын сайттың "Сарапшылар" бөлімінде қалдыра алады.

Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қорына келіп түскен соманың 100 млрд теңгеден асқаны туралы хабарлаған едік. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары