Ашық НҚА порталында Алматы облысы әкімдігі мен Алматы облысы мәслихатының бірлескен шешімінің жобасы жарияланды. Оған сәйкес, Алматы облысында үш аудандағы келесі бірқатар ауылдық округ мен ауылдың атауын өзгерту жоспарланған. –

Іле ауданы: 

  • Энергетический ауылдық округін – Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • КазЦИК ауылдық округі – Асқар Тоқпанов ауылдық округіне.
  • Энергетический ауылдық округі Покровка ауылын – Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;
  • КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын – Жайнақ ауылына.

Талғар ауданы:

  • Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.

Кеген ауданы:

  • Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.

Оқи отырыңыз: Қапшағай, Іле, Бартоғай. Алматы маңында балық аулауға қолайлы 10 жер


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 28 шілдеге дейін.