Ашық НҚА порталында Алматы облысы әкімдігі мен Алматы облысы мәслихатының бірлескен шешімінің жобасы жарияланды. Оған сәйкес, Алматы облысында үш аудандағы келесі бірқатар ауылдық округ мен ауылдың атауын өзгерту жоспарланған. –
Іле ауданы:
- Энергетический ауылдық округін – Өтеген батыр ауылдық округіне;
- КазЦИК ауылдық округі – Асқар Тоқпанов ауылдық округіне.
- Энергетический ауылдық округі Покровка ауылын – Кенен Әзірбаев ауылына;
- Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;
- Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;
- КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын – Жайнақ ауылына.
Талғар ауданы:
- Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.
Кеген ауданы:
- Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.
Оқи отырыңыз: Қапшағай, Іле, Бартоғай. Алматы маңында балық аулауға қолайлы 10 жер
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 28 шілдеге дейін.