Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. 

"700 адамнан асатын мектептерде радиобайланысы бар, қызметтік қарумен жабдықталған және жедел әрекет ету мобильді топтары бар лицензияланған күзет болуы керек. Бірақ бүгінгі күні онымен 1416 мектептің 1193-і ғана, яғни мектептердің тек 84 пайызы ғана қамтылған", – деді министр.

Министрдің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында ешбір мектеп мұндай күзетке алынбаған. Ал Ұлытау облысындағы мектептердің – 9 пайызы, Қостанайда 50 пайызы ғана күзетіледі.


Оқи отырыңыз: Қызылордада оқушылар бұрынғы түрме ғимаратында оқып жатыр. Жаңа мектеп салынуы тиіс жерлер кәсіпкерлердің меншігінде


"Іс жүзінде, мектептерді күзету кәсіби емес мамандарға, яғни қарапайым кемпір-шал "вахтерларға" тапсырылған. Оларда мүмкіндік те жоқ, заңмен белгіленген жауапкершілік те жоқ. Сондықтан, қауіпті заттар мен қаруды кіргізуге тосқауыл қояды деп үміттену – бос амал", – деді министр.

Марат Ахметжанов мекеме әкімшілігі техникалық спецификад күзеттің тәсіліне, қызметкерлердің шекті жасына және олардың арнайы дайындық деңгейіне талаптарды дұрыс қою керек екенін атап өтті.