Бүгін, 3 мамыр күні FlyArystan Қазақстан ішінде саяхаттауға 3 мың теңгеден 3 мың билет сатады. Жеңілдікке ие билеттермен 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында саяхаттауға болады. Акция компания қызметіне үш жыл толуына орай қолға алынған. 

Арзан билеттер FlyArystan мобильдік қосымшасында және FlyArystan.com сайтында 3 мамыр күнгі 12:00-ден 4 мамырдың 00:00-не дейін қолжетімді.

Қазіргі таңда FlyArystan 40 бағытта оның ішінде 11 халықарлық бағдарларда қатынайды. FlyArystan Қазақстан ішінде және Түркия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзербайжанға тұрақты рейстер жасайды.


Оқи отырыңыз: