Қазақстанда мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі бекітіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Атап айтқанда:

  • 100 жылдан асқан картиналар, суреттер, пастельдер мен мозаикалар;
  • қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және 100 жылдан асқан ұқсас сәндік бейнелер;
  • картиналар, суреттер және пастельдер, мозаикалар және басқалар;
  • қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және ұқсас сәндік бейнелер және басқалар;
  • 100 жылдан асқан гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары;
  • гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары және басқалар;
  • 100 жылдан асқан кез келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары;
  • кез келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары және басқалар;
  • археология, этнография немесе тарих бойынша коллекциялар мен коллекциялық жиынтықтардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Оқи отырыңыз: Сазгер Еділ Құсайынов: Ұлттық көне музыкалық аспаптардың орны музей болмауы тиіс


Бұйрық жобасы 15 ақпанға дейін қоғам талқысына ашық. Құжат қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.