Экология министрі жануарлар құқығын қорғайтын полиция құру туралы пікір білдірді
Министрдің айтуынша, бірінші мәселенің себебін тауып, сонымен жұмыс істеу керек.Қазақстанға жануарлар құқығын қорғайтын полиция қажет пе? Бұл туралы Үкімет кулуарында журналистер экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовадан сұрады.
"Бұл мәселемен айналысатын ішкі істер органдары бар, сол себепті басқа қосымша қызметтерді құру – қосымша қаражат. Екінші жағынан, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заңның жұмыс істегені керек, жануар иелерінің жануарларға жауапкершілікпен қарағаны керек. Егер осы бағытта жауапкершілік артса, қосымша полиция қызметін құруға қажеттілік болмайтын шығар. Бірінші мәселенің себебін тауып, сонымен жұмыс істеу керек", – деді министр.
Оқи отырыңыз: "Адамды қапқан ит атылсын". Жануарларды қорғау туралы заңның қайта қаралуын талап етушілер көбейді
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте қаңғыбас иттердің көбейгенін, алайда бұл мәселесімен ешбір билік өкілі айналыспай отырғанын сынға алды.
"Маған үнемі барлық облыстардан қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар түседі. Онымен тиісті заңға сүйене отырып, бірде-бір құзырлы орган айналыспайды. Бірақ біз бұлай жалғастыра берсек, жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін. Иә, біз жануарларға қамқор болуымыз керек. Бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға агрессиясына жол бермеу керек. Қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны артып келеді. Бұлай болмайды. Шара қабылдаңыздар", – деді президент.
Тақырыпқа орай кейінгі жаңалық: