Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның батысында ауа температурасы 30 градусқа дейін көтерілсе, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде аяз болуы мүмкін."Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік облыстарда, Қарағанды облысында жаңбыр себелеп өтеді. Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, түнде таулы аймақтарда бұрқасын болуы мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстанда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жылынса, солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыста 7-13 градусқа дейін салқындайды.
Оқи отырыңыз: Күн суытқанда асқынатын 6 ауру. Сақтану және емделу жолдары қандай?