"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік облыстарда, Қарағанды облысында жаңбыр себелеп өтеді. Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, түнде таулы аймақтарда бұрқасын болуы мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстанда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жылынса, солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыста 7-13 градусқа дейін салқындайды.
Оқи отырыңыз: Күн суытқанда асқынатын 6 ауру. Сақтану және емделу жолдары қандай?
USD:
481.7 / 484.7
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.83 / 6.03