ЕФҚО чемпиондар лигасының финалдық матчын Санкт-Петербургтен Парижге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бас Еуропа кубогының шешуші ойыны 28 мамыр күні "Стад де Франс" стадионында өтеді, деп хабарлайды ұйымның сайты

Қауымдастық Франция президенті Эммануэль Макронға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, ЕФҚО атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысында Еуропадағы жағдайдың күрделенуіне байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

Алдағы уақытта ЕФҚО аясында Ресей және Украина аумағында өтуі тиіс барлық клуб пен құраманың ойындары бейтарап алаңға ауыстырылады.

Еске салсақ, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Қазақстанда спортты дамытуға дұрыс көңіл бөлінбейтінін айтқан еді. Спортшының пікірінше, Қазақстанда сенде медаль болса ғана жағдай жасай бастайды.