2025 жылғы 11-14 шілде аралығында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 

Үміткерлер өтінішті ҰТО ресми сайтында бере алады. Ал педагогтердің білімін бағалау емтиханы 15-19 шілде аралығында өтеді. 

Бұл тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:

  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
  • педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
  • жұмыс істейтін педагогтер  екінші мүмкіндігі үшін (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг). 

Педагогтерді жаңаша аттестаттау тәртібін Информбюроның арнайы түсіндірме материалынан оқи аласыздар.