Өтініштер 15 шілдеге дейін ғана қабылданады.
2025 жылғы 11-14 шілде аралығында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Үміткерлер өтінішті ҰТО ресми сайтында бере алады. Ал педагогтердің білімін бағалау емтиханы 15-19 шілде аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:
- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
- педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
- жұмыс істейтін педагогтер екінші мүмкіндігі үшін (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг).
Педагогтерді жаңаша аттестаттау тәртібін Информбюроның арнайы түсіндірме материалынан оқи аласыздар.
USD:
503.5 / 509.5
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63

