"Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша енгізілген заңнамалық түзетулерге сәйкес, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 6 негіздемесі алынып тасталды. Бұл бір көзден сатып алудың барлық көлемінің шамамен 50 пайызын құрайды. Бұдан басқа, тапсырыс берушінің сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін басым жүзеге асыруы және бір көзден сатып алу бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысының дербес жауапкершілігі туралы норма көзделген", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің түсіндіруінше, ашықтықты қамтамасыз етудің нәтижесінде тікелей шарттар жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесі 2015 жылғы 92-ден 2021 жылы 45 пайызға дейін төмендеген.


Оқи отырыңыз: Экономист ең төменгі жалақыны есептеу тәртібі ескіргенін айтты


Сондай-ақ, министр "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жұмысында да өзгерістер болатынын айтты.

"Биылдан бастап қордың және барлық ұлттық компаниялардың сатып алулары "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы" Заңмен реттеледі. Бүгінгі таңда Қордың директорлар кеңесі сатып алу шарттарын бекіту үшін Қаржы министрлігінің келісімі керек. Қордың және оның еншілес компанияларының сатып алуын жүзеге асырудың бүкіл процесін өзге ішкі құжаттарға сілтеме жасамай, бір құжат деңгейінде қаралатын болады", – деді Ерұлан Жамаубаев.