Бала зорлады деген күдікпен деструктивті діни ағым өкілі ұсталды
Күдікті – "Таблиғи Жамағат" (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының ұстанушысы.Polisia.kz хабарлауынша, Алматы қаласы мен Қарағанды облысының полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері бірлесіп, республикалық іздеуде жүрген Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азаматты ұстады.
Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдік бар. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың "Таблиғи Жамағат" (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының ұстанушысы екені белгілі.
Ол ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін ол Қарағанды облысының уәкілетті органдарына беріледі.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанға "Талибан" экстремизмінен қандай қауіп бар?
- "Жусан" операциясымен елге оралғандардың өмірі комиксте суреттелді