Новости спорта

Бала зорлады деген күдікпен деструктивті діни ағым өкілі ұсталды

Күдікті – "Таблиғи Жамағат" (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының ұстанушысы.

Polisia.kz хабарлауынша, Алматы қаласы мен Қарағанды облысының полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері бірлесіп, республикалық іздеуде жүрген Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азаматты ұстады. 

Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдік бар. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың "Таблиғи Жамағат" (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының ұстанушысы екені белгілі. 

Ол ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін ол Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына беріледі.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары