Комикспен TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, интернет-порталдарда танысуға болады.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған алғашқы қазақстандық комикс әзірленді. MEIRMAN атты комиксте "Жусан" гуманитарлық-операциясы аясында елге оралған азаматтардың өмірі арқылы діни радикалды идеологияның қаупі түсіндіріледі, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Экстремизмге қарсы күрес месседждерін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында комикс форматы кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі экстремизмге төзбеуді мектеп қабырғасынан бастап дамыту қажет. Діни экстремизмнің алдын алу контенттерін әзірлеу кезінде министрлік аудиторияның сұранысын ескере отырып, жастар арасындағы трендтерді пайдалану арқылы оқырмандарға жол табуда", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Салафизмнің қоғамға қаупі қандай? Сараптама
Комиксте Мейірман есімді баланың Сириядағы террористік белсенділік аймағында басынан өткізген қиындықтары туралы баяндалады. Мейірман өзінің табандылығы мен мықты рухының арқасында қиындықтар мен кедергілерді жеңе біліп, отбасымен қауышып, туған еліне оралады. Туған жерінде ержетіп, беделді азаматқа айналады.
Бас кейіпкер Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері, соның ішінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың құндылығын атап көрсетеді.
MEIRMAN комиксімен TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, интернет-порталдарда танысуға болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
243
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
213
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
222
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
209
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
207
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
160
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
152
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
151
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
155
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
164
-
0
-
0
-