Журналистер Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан дәрігер болып жұмыс істеп жүрген кезінде жіберген бірінші қателігі туралы сұрады.

"Алғашқы қателігім әлі күнге дейін есімде. Ішек инфекциясы бар баланы емдеп жаттым. Баланың қызуы түсті, бәрі жақсы болды. Бірақ үшінші күні дене қызуы қайтадан күрт көтеріліп, баланың түрі бозарып кетті. Сосын мен әріптестеріме жүгіндім де, бірге қарадық. Сөйтсек, мен баланы ішек инфекциясынан емдеп жатсам, оның науқасы төменгі бөліктегі пневмония болып шықты", – деді министр.

Министрдің айтуынша, бала аман қалған.

"Баланың жағдайы жақсарғанша мен реанимациядан шықпадым", – деп түйіндеді министр.


Оқи отырыңыз: