Әуе арқылы жолаушы және жүк тасымалына сұраныс қатар артты – IATA
Биылғы қыркүйекте әлем бойынша жолаушылар тасымалына сұраныс жылдық есеппен 3,6%-ға артса, жүк тасымалына сұраныстың өсімі 2,9 пайызды құрады, деп хабарлады Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы.
Жолаушылар тасымалы бойынша көрсеткіштер келесі мәндерге ие:
- Жалпы тасымалдау сыйымдылығы 3,7% артты, орын толымдылығы 83,4% болды.
- Халықаралық тасымалдар 5,1%, ішкі рейстер 0,9% өсті.
- Жалпы өсімнің 90%-ы халықаралық рейстер үлесіне тиді.
- Азия – Тынық мұхиты аймағы ішкі аймақтық ұшулардың белсенділігі арқасында (+9,4%), әсіресе Қытай мен Жапония бағыттарында, жолаушылар өсімінің көшбасшысы болды.
- АҚШ-та, керісінше, ішкі тасымалдар 1,7% төмендеп, негізгі нарықтар арасында ең төмен орын толымдылығын көрсетті.
"Жеткізу тізбегіндегі күрделі мәселелерге қарамастан, әуе компаниялары мерекелік маусымға сенімді түрде қадам басып келеді. Қараша айының кестесіне сәйкес, тасымалдау сыйымдылығы тағы 3% өседі деген болжам бар", – деді IATA бас директоры Уилли Уолш.
Ал жүк тасымалы бойынша көрсеткіштер келесі мәндерге ие:
- Әуе жүк тасымалына сұраныс 2,9%, ал халықаралық жүк тасымалы 3,2% өсті.
- Жалпы тасымалдау сыйымдылығы 3% артты.
- Ең жоғары өсім Африка әуе компанияларында (+14,7%), ал ең төмені Латын Америкасында (-2,2%).
"АҚШ-тың жаңа сауда саясатына байланысты жаһандық сауда тасымалындағы өзгерістерге қарамастан, жүк тасымалы секторы нарық жағдайына жақсы бейімделіп келеді", – деді Уилли Уолш.
Еске салайық, жолаушылар мен жүк әуе тасымалына сұраныс тамызда да жоғары болды.