Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Ол бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған.Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағали ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген жарлық мәтінінде.
Ол бұрынғы атқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Ол 1979 жылы Арқалық қаласында туған. Әр жылдары прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. Қаржы полициясы төрағасының кеңесшісі, тергеу департаментінің бастығы, Бас прокурордың аға көмекшісі, Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары, бюроның СҚО бойынша департамент басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, одан кейін агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы болды.
Өзге де тағайындаулар:
- Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі болып тағайындалды
- "Самұрық-Қазына" қорының басшылығына Нұрлан Жақыпов тағайындалды
- Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды
- Олжас Бектенов ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды