Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауазымына тағайындалды.
"Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалсын, – делінген жарлық мәтінінде.
Ол 1970 жылы Алматы қаласында туған. Әр жылдары "ҚазТрансОйл", "KEGOC", "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" компанияларда басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы қызметі – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы.
Алмасадам Сәтқалиев – экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.
Айта кетсек, Болат Ақшолақов Энергетика министрінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды. Ол мемлекет басшысының өкімімен президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Өзге де тағайындаулар:
- "Самұрық-Қазына" қорының басшылығына Нұрлан Жақыпов тағайындалды
- Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды
- Олжас Бектенов ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды