Ақтөбе облысында 60 жастағы Ералы Тоғжановтың орнына жаңа әкім тағайындалды.

"Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген хабарламада. 

Ақтөбе облысының жаңа әкімі Асхат Шахаров

Бүгін, 5 қыркүйекте, Қазақстанның төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтіп жатыр. Ақтөбе облысы мәслихатындағы жиналыс сағат 13.00-ге жоспарланған болатын. 


Оқи отырыңыз: Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды


Экс-әкім Ералы Тоғжанов өңірді 2022 жылдың 31 тамызынан бері басқарып келді.