Астана қаласының тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша тегін кеңес ала алады.

Жобаның қатысушысы – өз мансабы мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін жауапкершілікті алуға дайын кез келген адам. Жоба өзін-өзі іздейтін және өзгеруге, оқуға, мансапта өсуге дайын адамдарға арналған.

Жоба аясында барлығы 10 "Баршаға мүмкіндік" модульдік пункті жұмыс істейді. Іске қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.


Оқи отырыңыз: Астана мешітіндегі шаштараз мүгедек жандарға тегін қызмет көрсетеді.


Біздің алғашқы 5 "Баршаға мүмкіндік" модульдік кеңселеріміздің мекенжайы:

  • "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, 34;
  • "Айланд" СОО, Қорғалжын тас жолы, 2;
  • "Встреча" СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
  • "Азия Парк" СО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
  • "Тұлпар" СО, Шоқан Уәлиханов көшесі, 24

Кеңселер астана тұрғындары үшін күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық.


Оқи отырыңыз: Алматыда тегін заң қызметін алу үшін қайда жүгіну керек?


Жобаның мақсаты – халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету. Жобаның барлық құралы толығымен тегін.